“Рационал санның модуліне” есептер шығару (Модуль рационального числа) - Учителю математики - материалы из опыта работы - материалы из опыта работы - Персональный сайт
Педагог 21 века.ru
Методическая площадка по обмену опытом педагогов России
Учителя, которым дети обязаны воспитанием, почтеннее, чем родители: одни дарят нам только жизнь, а другие- добрую жизнь. (Аристотель)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың санның модулін табу тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, математикаға деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға ұйымшыл-дыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндік-теріне сенуге үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу. Түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Сұрақ – жауап 3. Есептер шығару 4. Сергіту сәті (сөзжұмбақ шешу) 5. Тест тапсырмалары 6. Үйге тапсырма 7. Бағалау
1) Қандай сандар оң сандар деп аталады? 2) Қандай сандар теріс сандар деп аталады? 3) Қандай сан оңға да теріске де жатпайды? 4) Кординаталық түзу дегеніміз не? 5) Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? 6) Қандай сандар рационал сандар деп аталады? 7) Қандай сандар бүтін сандар жиынын құрайды? 8) 0 санына қарама-қарсы қандай сан? 9) Рационал сандар модулі дегеніміз не? 10) Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?
1. Шеңбердің элементі. (радиус) 2. 8 қандай сан? (аралас) 3. Шеңбер сызатын құрал. (церкуль) 4. Ұзындық өлшем бірлігі. (километр) 5. 2 орынды ең кіші сан. (он) 6. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар. (натурал) 7. Қосуға кері амал. (азайту) 8. 1/50 қандай сан? (бөлшек) 9. Оң санға қарама-қарсы сан. (теріс) 10.Картаны сызуға қандай өлшем қолданамыз? (масштаб) 11.20 қандай сан? (бүтін)