1.Еліктеу сөздер туралы, түрлері туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың өздігінен ізденуін, өз бетінше жұмыс жасау әдетін, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3. Тілді құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың жүргізілу әдісі:
Сұрақ-жауап;
Ойландыру, іздендіру;
Презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2.Түгендеу.
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
ІІ. Өткенді қайталау (Оқшау сөздер)
1. Лото.
2. Сөйлем құру.
ІІІ. Жаңа тақырып.
1. Суретпен жұмыс ( әр суретті талдау).
- Мына суретке қарай отырып, әрбіреуінің қандай дыбыс шығаратындығын табыңыздар.
2. Суретпен жұмыс ( әр суретті талдау).
Мына суретке қарай отырып, айырмашылығын табыңыздар.
3. Еліктеу сөзд. анықтамасын беру, кестемен жұмыс.
Қоршаған ортадағы сан түрлі құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысуынан пайда болған дыбыстарға және олардың қимыл-әрекеттеріңің көрінуіне байланысты сөздерді еліктеу сөздер дейміз.
4. Еліктеуіш сөздерді оң бағанға, бейнелеуіш сөздерді сол бағанға теріп жазыңыздар.