<> разработка урока «Химиялық реакция теңдеулері» - Учителю химии - материалы из опыта работы - материалы из опыта работы - Персональный сайт

Педагог 21 века.ru

Методическая площадка по обмену опытом  педагогов России
Учителя, которым дети обязаны воспитанием, почтеннее, чем родители: одни дарят нам только жизнь, а другие- добрую жизнь.  (Аристотель)
материалы из опыта работы

Меню сайта

Свидетельство

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Категории раздела
Учителю русского языка /литературы [115]
Учителю математики [62]
Учителю истории, права [31]
Учителю географии [28]
Учителю биологии [51]
Учителю начальных классов [196]
Классному руководителю [99]
Педагогу-организатору [31]
Учителю Информатики [39]
Учителю музыки, МХК [23]
Учителю химии [16]
Учителю иностранного языка [19]
Педагогическое творчество [8]
Учителю физической культуры [6]
сценарии и материалы из опыта работы
Дополнительное образование [17]
Фестиваль педагогических идей 2011 года [18]
сценарии и конспекты учебных занятий
Учителю иностранного языка [3]
Новогодняя феерия [10]
Сценарии новогодних представлений из опыта работы
Дошкольное образование [20]
дошкольное воспитание и обучение
Педагогическая мастерская [32]
Деятельность классного руководителя [13]

Форма входа

Поиск

Приветствую Вас, Гость · RSS 26.04.2024, 10:18

Главная » Файлы » материалы из опыта работы » Учителю химии [ Добавить материал ]

разработка урока «Химиялық реакция теңдеулері»
[ Скачать с сервера (27.2 Kb) ] 15.02.2012, 19:19
8 класс химия
Тақырыбы: «Химиялық реакция теңдеулері»
Мақсаты: химиялық элементтерді еске ала отырып, химиялық реакция теңдеуін құра білуге үйрету, коэффиент, индекс, реагент, өнім жайлы түсінік беріп, оны реакция теңдеуінде пайдаланудың маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: өз ойын тұжырымдап, тақырыптың мазмұнын жетілдіре отырып, айтып беру дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Топпен бірге жұмыс істеуге, бірлікке, жауапкершілікке баулу.
Құрал жабдықтары: Д.И.Менделеев периодтық жүйесі, элемент таңбалары, түрлі түсті карточкалар, тапсырмалар, 10,20,30,40,50 теңге деп жазылған қағаз ақшалар.
Техникалық жабдықтары: Интерактивті тақта. «Валенттілік» - электрондық оқулық, слайдтар.
Ұйымдастыру:
а) амандасу, түгендеу
ә) гигиеналық талап қою тақта, бөлме тазалығына көңіл бөлу.
б) оқу құралдарын тексеру.
Оқушылардың көңіл-күйін білу үшін алдарында жатқан қызыл, сары, көк түсті карточканы көтеру.
I. Үй тапсырмасын сұрау
1) Оқушыларды сабаққа дайындап, белсенді болу үшін ойын ұйымдастыру «Кім жылдам» ойыны, элемент символдарын және атомдық массаларын еске түсіру үшін сыныпты үш топқа бөліп, әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, бір-біріне сұрақ қойдыру.
Мысалы: бірінші топ – екінші топқа, екінші топ- үшінші топқа, үшінші топ – бірінші топқа Na – элементінің таңбасын көрсет дейді, оқушылар таңбаны көтеру керек. Одан кейін массасын, валенттілігін сұрайды.
II. Химиялық диктант
Интерактивті тақтағы әр топтан 1-1 оқушы шығып мұғалімнің айтуымен формула жазады:
1) Мысалы: H2SO4, HNO3, CaCO3, NaCL, O2, H2, MgO, Ca(OH)2, NaOH, Fe2O3, Al2(SO4)3
Дұрыс жазған оқушыға (топқа) ең жоғары 50 теңгеден беріледі, жеңген команда ақша есебімен есептеледі.

III. Валенттілік дегеніміз не?
1-тапсырма. Интерактивті тақтамен жұмыс. Мына «Элемент таңбаларымен валенттілігіне кестенің тиісті бағанына жаз»
Na, O, Hg, Fe, C, P, K, Mg, B, Cu, Co Sn, Al, Ca, F, Mg, N, Pb

Тұрақты
валенттіліктер Ауыспалы
валенттіліктер

I II III I-II II-III II-IV III пен V II.IV-VI

2-тапсырма:Формула бойынша элементтердің валенттілігін анықтаңдар.

Al2O3, FeCl3, HCL, SO3, CO2.

3-тапсырма: Қосылыстың формуласын құр.

PVO, K1O, CaIIO, SnIVO, NO, SO

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
1) Оқушылардың дәптерін ашып, интерактивтік тақтадан тақырыптың атын жазады.
Балалар біз білеміз бізді қоршаған ортада көптеген реакциялар жүреді. Оның көбі көзге көрінбейді, кейбіреулерін біз көріп, байқаймыз. Мысалы: темір заттың (шеге, бала, балтаның) таттануы, сүттің ашуы, жеміс-жидекті шіруі т.б. айтуға болады. Осы ауызша айтқандарымызды химиялық теңдеу түрінде жазатын болсақ, мысалы: судың түзілуі. Химиялық реакция теңдеуін жазайық. Мұғалім иентерактивті тақтада реакция теңдеуін жазып көрсетеді. Одан кейін 2-ші реакция теңдеуін, Al2O3 жазады. Коэффициенттерді реакция теңдеулеріндегі реакция өнімінің мағынасын түсіндіріп реакция теңдеулеріне анықтама беріледі.
1) 2H2+O2 = 2H2O
Реагент өнім

2) 4Al+3O2 =2Al2O3
Реагент өнім

Сабақты бекіту. Интерактивті тақтадан 6 слайд көрсетіліп, оқушылар өздік жұмыс орындайды. Дұрыстығы тақтаға жазылып, тексеріледі.
Тапсырма.
Төмендегі реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойып, теңестіріңдер.
Ca+N2 = Ca3N2
Mg + O2=Mg O
K2O+P2O5 = K3PO4
Al+HCL = AlCl3+H2
Қорытынды: Оқушылар білімі бағаланады. Ақшаны көп ұтқан оқушыға немесе командаға жақсы баға қойылады. Белсенді команда аталады. Сабақ соңында оқушыларға қайтадан әр түсті карточка көтеру ұсынылады. Егер оқушылардың көпшілігі қызыл карточканы көтерсе, сабақтың жақсы өткені деп қорытынды шығаруға болады.
Үйге тапсырма.
§14, 42 бе №5 (б,в) №6,7
Категория: Учителю химии | Добавил: multik | Теги: химические реакции
Просмотров: 1933 | Загрузок: 118 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Педагог 21 века.ru 2011 © E-mail: pedagog.21wek@yandex.ru
Портал-  общественная площадка для обмена педагогическим опытом,  не является средством массовой информации. Редакция не несёт какой либо ответственности в случае возникновения каких бы то ни было нарушений авторских прав.


Бесплатный конструктор сайтов - uCoz